Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

БҚО-да 5 жастағы бала ескі тоңазытқышта қамалып көз жұмған

Осыдан бір ай бұрын БҚО-да 5 жасар бала ескі тоңазытқыштың ішінен шыға алмай, тұншығып көз жұмған

Новости Казахстана / БҚО-да 5 жастағы бала ескі тоңазытқышта қамалып көз жұмған
Фото:
Polisia.kz сайтынан

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 тамызда Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болған. Баланың денесін 27 жастағы анасы тауып алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, оның кішкентай үш баласы көшеде ойнап жүрген. Кешке қарай анасы балаларын үйге шақырғанда, екеуі ғана келген. Әйел кенже ұлын төңіректен бір сағат бойы іздеп таба алмаған. Тек үйінің ауласына кірген қайта кірген кезде аулада тұрған ескі тоңазытқышты қарайды. Баланың денесі сол тоңазытқыштың ішінен табылған.

Жас ана жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер сәбидің көз жұмғанын айтқан. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, оның өліміне "тыныс алу жолдарының аспирациясынан туындаған механикалық асфиксия" себеп болғаны анықталды.

Тоңазытқыш есігіндегі металл тұтқаның автоматты құлыптау жүйесі болған. Есікті итергенде құлыпталып қалады. Тоңазытқыштың тұтқасын сыртынан тартқанда ғана ашылады, ал ішінен ашу мүмкін емес, - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Аталған дерек жазатайым болған қайғылы оқиға ретінде тіркелді.

Следующая →