Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер санатынан алына ма?

Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер санатынан алып тастау мәселесі мәжілісте қаралып жатыр

Новости Казахстана / Тұңғыш президент күні мемлекеттік мерекелер санатынан алына ма?

Депутаттар "кейбір заңнамалық актілерге кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында осындай ұсыныс енгізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер Күні, Алғыс айту күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар даталар сияқты атаулы күндерге ұқсатып, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылады, – делінген әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова қол қойған қорытындыда.

Сонымен қатар, депутаттар Ұлттық құрылтай отырысында Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілейтін және 16 желтоқсанды – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілейтін түзетулер енгізді.

Следующая →