1 қыркүйектен локдаун жарияланатыны рас па?
Әлеуметтік желіде пандемияның жаңа толқыны басталып, 1 қыркүйектен локдаун жарияланады деген ақпарат тарады
Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ, - деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.