Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі перзентхана жұмысы қайта жанданады

Пандемия кезінде аурухана ретінде пайдаланылған перзентхана ғимараты жөндеуден өтіп, босанған әйелдерді қабылдауға дайын тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі перзентхана жұмысы қайта жанданады
Фото:
редакция мұрағатынан

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс орталығындағы бірқатар медициналық мекемелерге барып, тұрғындарды мазалаған мәселелерді қарап шыққанын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұрынғы жедел медициналық жәрдем ауруханасы аумағында орналасқан перзентхана пандемия белең алған тұста аурухана ретінде пайдаланылған еді. Содан кейін ғимаратта күрделі жөндеу жүргізілді.

Бүгінде медициналық мекеме босанған әйелдерді, соның ішінде патологиялары бар әйелдерді қабылдауға дайын, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Облыстық онкологиялық орталықта біз мамандармен бірге ПЭТ-жабдықты орнату мәселесін қарастырдық (ол позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография мүмкіндіктерін біріктіреді және онкологиялық және басқа да ауруларды жоғары дәлдікпен диагностикалауға мүмкіндік береді). Екі ғимарат бар және осы заманауи жабдықты қай жерде орнатқан дұрыс екеніне талдау жасалатын болады.

Осы орайда айта кеткен жөн, тұрғындардың өтініші бойынша қала күніне орай Протозанов көшесінде учаскелік дәрігерлер мен кәсіби мамандар қабылдайтын емхана ашылады.

Сондай-ақ, облыстық медицина орталығында болдым, мұнда гемодиализ үшін қосымша медициналық техника сатып алуды, сондай-ақ, мұндағы бөлімшелер барлық қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келу үшін жөндеу жүргізуді қажет етеді, - дейді аймақ басшысы.





Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Өскемен Медицина