Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -2°
  • Алматы
  • Риддер
    +2°
  • Астана
    -15°
  • Ақтөбе
    -20°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -9°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    -11°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -21°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -18°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
571.78
¥
71.53
6.25
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Президент еңбек демалысынан шыққан бойда Премьер-Министрді қабылдады

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады
Фото:
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндалды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы аралықта ЖІӨ өсімі 3,2 пайызды құрады. Тауарлар өндірісі 3,3 пайызға, көрсетілген қызметтер 2,4 пайызға артты. Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ көлік және байланыс салаларында айтарлықтай өсім бар.

Премьер-Министр Президентке Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шараларына қатысты мәлімет берді. Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді.

Премьер-Министр инфляция деңгейін төмендету, экономиканы демонополизациялау, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Әлихан Смайылов құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.

Президент құрылымдық реформалар мен экономиканы демонополизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажет екенін айтты. Сондай-ақ халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Президенті Премьер-министрді қабылдады