Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді
Күндізгі сауда қорытыныдысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 478,39 теңгеге тең болды
Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сүйенсек, доллардың 9 тамыздағы ресми бағамы - 476,62 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 475,95 теңге, сату – 480,14 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,80 теңгеден сатып алынып, 479,07 теңгеден сатылып жатыр.