Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да көлікті мас күйінде жүргізген 68 жүргізуші ұсталды

ШҚО полицейлері 10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да көлікті мас күйінде жүргізген 68 жүргізуші ұсталды
Фото:
Polisia.kz сайтынан

ШҚО полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығы барысында 68 мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және жол-көлік жарақаттары проблемасына назар аудару мақсаты болып табылатын айлық басталғаннан бері 20 күн ішінде ШҚО полицейлері 10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтады, оның ішінде олардың 100-ден астамын- қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

Сонымен қатар, мас күйінде көлік жүргізген 68 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар: қарсы жолға шыққаны үшін – 47, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 1212, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін – 124, апаттық жағдай туғызғаны үшін – 912 және 18 жүргізуші теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзғаны үшін.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған 1279 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, 1024 адам басқару кезінде ұялы телефондарын пайдаланғаны үшін, 32 көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізуші және жаяу жүргіншіге жол бермеген 746 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Рейдтер барысында тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 26 бұзушылығын, жалған нөмірлермен көлік құралын басқарудың 3 фактісін және техникалық байқаудан өтпеудің 267 фактісін анықтады. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 615 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер айыппұл тұрағына барлығы 143 көлік құралын қойып, ЖҚЕ бұзғаны үшін 165 мемлекеттік нөмір алынды.

Следующая →