Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа енді

Бүгінде коронавирусқа шалдығып жатқан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған

Новости Казахстана / Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа енді

Алматы қаласы "сары" аймаққа ауысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қазіргі уақытта қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулыны даярлау үстінде. Қаулыда барлығы жазылады. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз, - деді Ержан Байтанаев.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирусқа шалдығып жатқан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған.

Қазақстандықтарды өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында вакцина алудың барлық процесінен өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыра түсу үшін де маңызды, - дейді ол.

Осы орайда Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шыққанын да айта кету керек.

Қаулы бойынша қаланың аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, қалалық кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелердің басшылары, жеке және заңды тұлғалар:

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №16 қаулысын іске асыруды жалғастыру,

әрбір 6 ай сайын КВИ-ға қарсы вакцинация,

ревакцинация қажеттілігі туралы халыққа белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу,

вакцинаға абсолютті қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,

КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру,

Үй-жайларды желдете отырып, вентиляция мен ауаны баптау жүйелерін тексеруді қамтамасыз етулері тиіс.

Сондай-ақ, халық көп жиналатын жабық үй-жайларда (СОО, сауда үйлері, жабық базарлар, ХҚКО, банктер, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт залдары, автовокзалдар, көрермендері бар спорттық шаралар, конференциялар) тамақ ішу кезінде, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық көлікте, метрода жол жүру, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде маска киюді ұсынулары тиіс.

Ал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-мен ауырған адаммен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеуге және амбулаториялық бақылауға ауыстыруды, 7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы деңгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы 7 шілде, сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.




Следующая →