Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы тілдесті
Қазақстан Президенті Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шешімі уақтылы қабылданғанын атап өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды сәтті өткізуіне тілектестік білдіріп, бұл оқиға бауырлас Өзбекстанды жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, екі ел басшылары Қырғызстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері көшбасшыларының алдағы консультативтік кездесуінің күн тәртібін талқылады.