Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдардың өте көптігіне назар аударды
Президен олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екенін еске салды.
Мемлекет басшысы азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті.
Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау. Министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылды. Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.