Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 1000-ға жетті
Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1000-ға жетіп, жараланғандар саны 600-ден асты
Жергілікті билік қаза тапқандар саны тағы артуы мүмкін екенін мәлімдеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.
Жаралыларды эвакуациялап, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізу үшін тікұшақтар жұмыс істеп жатыр.
Ел билігі шұғыл көмек алу үшін халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жүгінді.
Америкалық сейсмологтар жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған дейді. Оның ошағы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост қаласынан 44 шақырымдай жерде болғанын нақтылады.
Қайтыс болғандардың көпшілігі елдің шығысындағы Пактика провинциясында.
Еске салайық, Ауғанстанда қатты жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері түнде, жергілікті уақыт бойынша 01.30 шамасында басталған.