Өскемен
ясно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Аружан Сағындықова әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына кірді

Қазақстандық Аружан Сағындықова әлемдегі үздік 70 жас теннисшінің қатарына кірді

Новости Казахстана / Аружан Сағындықова әлемнің үздік теннисшілерінің қатарына кірді

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 18 жасқа дейінгілер арасында бүгін жаңартылған ITF рейтингісінде Максим Батютенко 81-ден 78-орынға көтерілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Ислам Орынбасар – 199 (-1), Даниил Фелькер – 236 (-4), Даниал Рахматуллаев 239-сатыда (-5) тұрса, Әмір Омарханов 424-тен 418-ге жоғарылады. Қыздар арасында Аружан Сағындықова 82-ден 70-орынға бір-ақ шықты.

Сандуғаш Кенжебаева – 108 (+11), Дана Байдәулет – 161 (-1), Жанель Рүстемова – 162 (+3), Еркежан Арыстанбекова – 212 (-3), Айя Нұпбай – 301 (+14), Асылжан Арыстанбекова – 376 (+41), Іңкәр Дүйсебай 421-сатыға (+13) жайғасты. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe қауымдастығы рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы төртінші, чемпиондық кестеде бесінші орында келеді.

Дамир Жалғасбай - 44 (-1), Даниэль Тазабеков – 59 (-4), Родион Лукашов – 191 (+17), Михаил Мищенко – 234 (+14), Дамир Дүйсенғазин – 257 (-9), Арсений Требухин 293-сатыда (+26) тұр. Қыздар арасында Софья Исакова 108-орынға жайғасса, ақтөбелік Ева Корышева бірден 151-ге (+72) аспандады.

Ариана Гогулина – 321 (-8), Яна Ким – 366 (+36), Сәтима Төреген 381-орыннан көрінді. 16 жасқа дейінгілер арасында Шәкен Мансұр – 118 (+12), Демид Горбачев – 152 (+23), Артем Сидоров 189-сатыға (+2) шықты.


Следующая →