Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда төрт өңірге үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды

Мұғалімдерге жоғары жалақы төленіп, пәтер жалдау ақысы мен коммуналдық шығындар өтеледі

Новости Казахстана / Общество в Казахстане / В Казахстане создали спецпрограмму, предусматривающую 250% надбавки для педагогов
Фото:
Устинка LIVE

Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды. Қазір байқауға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәлірек айтқанда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында мұғалім тапшы. Бұл өңірлерге математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет. Сондай-ақ осы облыстарда білім сапасы да көңіл көншітпейді. Оған 2018 жылғы халықаралық PISA зерттеуі мен ҰБТ нәтижелері дәлел. Осыған байланысты оқу-ағарту министрлігі арнайы бағдарлама әзірледі.

Мұғалімдер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-магистр" бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орнын бітірген оқу үлгерiмi жақсы түлектер де қатыса алады. Басқа өңірлердің мұғалімдеріне қатысуға болады, - деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Қажетті құжаттардың тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған. Құжаттар 2022 жылғы 26 маусымға дейін қабылданады.

Следующая →