Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"АрселорМиттал Теміртаудағы" жұмысшылар өлімінен кейін екі басшы ұсталды

"АрселорМиттал Теміртау" цехындағы төрт жұмысшының өліміне қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты екі басшы қамауға алынды

Новости Казахстана / "АрселорМиттал Теміртаудағы" жұмысшылар өлімінен кейін екі басшы ұсталды

Тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, ол да өндірістегі өлім дерегімен айналысады. Қылмыстық істі тергеу барысында кәсіпорын қызметкерлерінен, оның ішінде өндірістегі қауіпсіздікке жауапты тұлғалардан жауап алынды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық Кодекстің 277-бабында ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу") көзделген қылмысты жасады деген күдікпен жиналған материалдарды ескере отырып, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты екі басшы ұсталды, - деді ПД өкілдері.

19 маусымда Теміртау қаласының тергеу соты осы тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Бап санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" цехында төрт жұмысшы қаза тапқан болатын. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Следующая →