Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қандай өзгерістер енгізілді?

Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, онда өзге де заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді

Новости Казахстана / "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қандай өзгерістер енгізілді?

Осылайша заңда атқарушылық жазбаны жасау кезінде нотариус қызметінің аумағын сақтау қажеттілігіне қатысты "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.

"Нотариат туралы" ҚР Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес нотариус қызметінің аумағы нотариус мынадай іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады: мұраны сенімгерлікпен басқарушыны тағайындау; мұраға құқық туралы куәлік беру; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру; сондай-ақ ортақ мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде нотариустың қызмет ету даусыз талаптар бойынша борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін атқарушылық жазба жасау. Қалған барлық жағдайларда жеке және заңды тұлғалар нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін кез келген нотариусқа жүгінуге құқылы, - дейді Шығыс-Қазақстан облысының Құқытық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсеті бөлімінің басшысы Сәуле Исаева.

Көрсетілген талаптар бойынша атқарушылық жазбаны нотариус өзінің үй-жайының орналасқан жеріне (аудан, қала) сәйкес нотариаттық палата айқындаған өз қызметінің аумағы бойынша жасайды.

Елдің әртүрлі өңірлерінде тұратын немесе тіркелген бірнеше борышкерден ақша сомаларын бірлесіп Өндіріп алған жағдайда атқарушылық жазба өндіріп алушының таңдауы бойынша ортақ борышкерлердің бірінің мекенжайы бойынша жасалуы мүмкін.

Егер шартта өзгеше мекенжай көрсетілсе, онда өндіріп алушы борышкердің тіркелген жері, тұрғылықты жері және Шартта көрсетілген мекенжай бойынша (өндіріп алушының қалауы бойынша) нотариусқа жүгінуге құқылы.

Өндіріп алушы нотариусқа Өндіріп алушының және борышкердің тіркелген жеріне қарамастан, қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдердің орындалуы туралы өтініш беруге құқылы.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және қарсылықты жедел беру мүмкіндігімен атқарушылық жазбаның көшірмесін уақтылы алуды қамтамасыз етеді.

Следующая →