Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оңтүстікте қандай қасиетті орындарға баруға болады?

Мамыражай жаз шыға оңтүстіктің бірнеше қасиет қонған орындарына барып, көзбен көріп, тау тұлғалардың аруағына зиярат ету мүмкіндігі туды

Новости Казахстана / Оңтүстікте қандай қасиетті орындарға баруға болады?

"Түркістанда Түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб" демекші, Оңтүстік Қазақстан облысында киелі орындар көп. Өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Бұл қасиетті орындарға өз дертіне дауа іздеп, жолын ашу үшін немесе басқа да ізгі ниетпен келушілер қарасы үзілген емес. Тек өз еліміз емес, алыс-жақын шет елдерден келетіндер көп. Өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы ерекше.

Мен бұл сапарымда Отырар жеріндегі тарихи Арыстан баб кесенесін, әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауи кесенесін, Албан, Суан, Дулаттың анасы - Домалақ ана кесенесін, махаббаттың символындай болған - Айша бибі кесенесін, түрлі аңыз-әңгімелерге арқау болған Ақмешіт әулие үңгірі мен Түркістанда былтыр салынған Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен "Керуен сарайында" болып қайттым. Сапар мереке әрі демалыс күндеріне дәл келген соң болар, қай тарихи орынға бармасақ та қараң-құраң жұрт, аяқ алып жүру қиын.

"Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле"

Арыстан баб - XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы. Түркістанға барар жолда алдымен Отырар жерінде орналасқан Арыстан баб кесенесіне зиярат ету маңызды. Бұл кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасыр аралығына жатса, XVIII ғасырда көне мазардың орнына жаңа ерекше күмбездер орнатылды. Өткен ғасырдың 70-жылдары ғимарат қиратылып, бүгінгі нұсқасы бой көтерген болатын.

imgonline-com-ua-Resize-KkNoTedZ5y.jpg

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырғанда бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай береді. Пайғамбардың ішкі даусы: "Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған", - дейді. Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы иесіне кім жеткізетінін сұрайды. Ешкім үндемейді. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: "Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз, мен бұл құрманы иесіне жеткіземін". Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда ("Рисолаи Сарем-Исфижоб" және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді.

Арыстан баб кесенесі бірнеше бөлмеден тұрады: қабірхана, мешіт, музейі бар. Маңайында тағы бірнеше кесене орналасқан. Кесененің алдында суы тұзды құдық бар, суы емдік қасиетке ие. Жолыңыз түсе қалса, құйып алатын ыдыс ұмытпаңыз.


Көне қаланы қалпына келтіріп жатыр

Отырар өңірінде жүріп, қойнауы тарихқа тұнған көне қалаға соқпай кетуге болмас. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаладан қалған орын қазір Отырар төбе деген атпен белгілі, Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Мұнда 2020 жылдан бастап (3 жылға) туризм саласын жандандыруға бағытталған ірі реставрация жұмыстары басталған.

imgonline-com-ua-Resize-HavewwtRQSfvLU.jpg

Тарихи деректерге сүйенсек, көшпенділер мұнда V ғасырдан бастап өмір сүреді, бұл кезеңде ол Фараб деп аталған. Шығыстың ең атақты философтарының бірі - Әбу Насыр әл-Фараби осы қалада туып өскен. Отырар - Орталық Азияның сауда және мәдени орталығы саналған. Өйткені бірнеше ғасыр бойы Ұлы Жібек жолының керуендері осы қала арқылы өткен. Тіпті қала халқы бір кездері 200 мыңға жетіпті. Сол кездің өзінде әрбір үйге су құбыры жүргізілген екен, тіпті кейбіреуінен ванналар табылған.

Отырардан қазір 3 қоғамдық моншаның орны табылыпты. 9-15-ші ғасырларда салына бастаған бұл моншалардың бөлмелері еден астынан жылытылған.

imgonline-com-ua-Resize-gWMpkNLgvEdkt.jpg


Яссауи жер астында тағы 63 жыл өмір сүрген

Көне қалашықтан шыққан соң Түркістанға бет алдық. Онда сапарымыздың басты себебі - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан. Кесене орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген. Ақын Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.а.) аруағын ардақтаған, ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін құлшылықпен жалғастырады.

imgonline-com-ua-Resize-25oiBP1BTdXsQpm.jpg

Әзірет Сұлтан көз жұмған соң ХII ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екi бөлмелi шағын кесене тұрғызылады. Ал қазіргі үлкен кесене 233 жылдан соң, яғни ХIV ғ соңында Әмiр Темiрдiң бұйрығымен салынған. Құрылысы 10 жылға созылған сәулет кешені Әмір Темір қайтыс болғандықтан толығымен аяқталмай қалды. Әмір Темірдің жобасы бойынша 60-65 метр болуы керек кесене 41 метр биіктікпен тоқтап қалады. Қабырғаларда әлі күнге дейін ағаш бөренелер мен құрылыс ағаштарының қалдықтары байқалады. Бұл ағаштар сол кезден бері шірімей әлі тұрғаны таңғалдырады.

Кесененің ішінде мешіт, кітапхана, екі сарай залы, сағана, тұрғын бөлмелер, асхана, орталық зал - қазандық, құдықхана - жалпы 35 бөлме бар екен. Ғимараттың алдыңғы жағында Құранның 59, 60, 61, 62 және 63-сүрелері жазылған.

Кесенедегі кіші залдарда 600 жыл бойы қазақ даласындағы хан, сұлтандар, батырлар мен даналары, игі-жақсылары жерленіп келді. Қазіргі таңда кесенеде жерленген діни-рухани тұлғалардың саны - 51-ге жетсе, Темір, Шәйбан әулеттері мен Қазақ хандығы тұсында жерленген 17 тұлға, қазақтың 21 ханы, 8 сұлтаны, 23 биі, 63 батыры, 5 әзіз анасы, 10 датқа мен болыс, 30 игі жақсының есімдері белгілі.

imgonline-com-ua-Resize-lpMrKAvmFzTvbJk.jpg

Кесененің негізгі бөлмесі қазандық. Онда тайқазан тұр. 2 тонна тайқазанды да Әмір Темір әдейі осы кесене үшін асыл металдардың қоспасынан жасатқан. 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы ғана орнына қайтарылды. Эрмитажға барлығы қоладан жасалған 11 зат апарылған - алты шы­рағ­дан және есіктерге орнатылған төрт балға. Гидтің айтуынша, заттардың барлығын қайтарып алып жатқанда 2 шырағдан қайтпай қалды. Біреуінің құжаттары жоғалып кетсе, біреуін француздар сатып алыпты-мыс. Қайтармайды екен.

imgonline-com-ua-Resize-yHBeTvHPs0i.jpgimgonline-com-ua-Resize-Tupk6ZFaSx44IX.jpg

Ал үлкен сарайда жиын өткізіліп тұрған, онда хан тағы (көшірмесі) бар. Сонымен бірге, кесенеде ту сақтаулы тұр. Ұзындығы - 96, 7 см, салмағы - 5 кг. Тудың бетінде "Ең даңқты сұлтан, патша, данышпан, билеуші, Әмір Темір" деп жазылған. Ал кесенеге кіретін қақпа да түпнұсқада әлі тұр. Есік бетінде былай жазылған: "Барлық жағдайда да Алла Тағалаға мадақ болсын! Барлық жағдайда да Алла Тағалаға шүкіршілік болсын!". "Әулиелердің есігі - бақыттың кені, әулиелерді жақсы көру - бақыттың кілті". "Астанаңдағы (қасиетті табалдырығыңдағы) қызметші дәулетті болғай!".

Пайғамбардан ұзақ жасамауды ұйғарған Яссауи 63-ке келгенде жер астындағы қылуетке түсіп өмір сүрген. Әзіреттің Хикметтерінде жер астында да 63 жыл өмір сүргені айтылады. Яғни, 126 жасында көз жұмса керек.

imgonline-com-ua-Resize-I6R8Zu2nOKkVn.jpg

Қылует - жер асты мешіті деуге болады. Яғни, оңаша отырып Жаратушыға құлшылық жасайтын орын, мұнда әсіресе зікір ғибадаты орындалған екен. Яссауи бабамыз қылуетте шәкірт тәрбиелеп (арнайы мөрі болған, сертификат беріп отырған), бірнеше еңбегін жазған.

1864 жылы Түркістан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары Яссауидің кесенесін зеңбірекпен атып, 11 тұсына зақым келтірді. Қылуетті де қиратқан. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары құрылыс бұзылып, кірпіштері май зауытын салуға жұмсалған. Кейін археологтар қылует орнын анықтап, неміс сәулетші ғалымының 1942 жылы жасаған макеті бойынша қалпына келтірілді. Қылуетте өмір сүруге барлық жағдай жасалған: жамағатхана, мешіт, шаруашылық қызметіне арналған, ыстық су дайындайтын, жуынатын, дәрет алатын және асхана бөлмелері толық қарастырылған. Бұдан бөлек, мұнда Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың төрт метр жер астында орналасқан "Ғар" бөлмесі (погреб сияқты) түпнұсқа күйінде сақталған. Бір адамға арналып салынған бұл бөлменің қабырғалары және күмбезі төрт бұрыштанып, күйдірілген кірпіштен қаланып "Балхы" тәсілі бойынша жабылған.

imgonline-com-ua-Resize-Nz6QurbWQD89.jpg

Қылуетке қарама-қарсы монша тұр. Көне шахристаннан табылған кішігірім монша құрылысы да бірнеше бөлмелерден тұрады. Су резервуары сияқты - сардоба да сақталған. Құрылыстан бөлек қызметкерлері үшін арнайы бөлмелерінің болуымен де ерекшеленеді. Емдік қасиеті бар тұнбалар дайындайтын ванна сияқты ыдыс та сақталған. Ең қызығы: монша-хамамның жуынуға арналған бірнеше бөлмесі бар, бірақ есіктері болмаған. Ерекшелігі сол әр бөлме (ыстық, суық) өз температурасын сақтап тұрған. Монша іші астынан жылытылған. Сосын ортаңғы бөлмеде гигиеналық процедуралар жасауға арналған бір адам ғана сиятындай пердемен жабылатын орындар бар.

Ақмешіт үңгірінің тереңдігі 25 метр

Ақмешіт әулие үңгірі - Түркістан облысы (Шымкент қаласынан 80 шақырымдағы) Бәйдібек ауданында орналасқан. Қаратаудың етегіндегі, әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. Ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Ішінен жоғары қарағанда киіз үйдің шаңырағы секілді.

imgonline-com-ua-Resize-FAdPbTcfseIOvBVH.jpg

Бұл үңгірге қатысты ел арасында түрлі аңыз-әңгімелер бар. Мәселен, кезінде бір әулие осында әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деседі.

Енді бір аңыз бойынша жаугершілік заманда Есіркеп Қойкелді батыр қалмаққа қарсы қол жинап, соғысқа аттанған екен. Жолда сарбаздар нөсерлеп құйған жауыннан таң намазын оқи алмай қиналады. Сонда осы үңгірге кез болып, бәрі осы жерді паналап таң намазын оңай оқып алады. Сарбаздардың бірі: "Мына үңгірді “Есіркеп” немесе “Қойкелді” деп атайық" деп ұсыныс білдіреді. Бұған қол бастаған батыр бабамыз: "Жоқ, бұл жер киелі, берекелі мекен, он мың әскерден тұратын бізді де қойнауына сидырып, бәрімізге бірге намаз оқуға мүмкіндік берді. Іші де аппақ түсті ерекше мекен екен. Бұл жерді “Ақмешіт” деп атайық" деген екен.

Үңгір іші салқын, бірақ ерекше әдемі, сырлы, сиқырлы.

"Шымкент - менің махаббатым" веб-сериалын көрген болсаңыз, бұл орын есіңізге түседі. Сериал кейіпкерлері осы Ақмешітке келгенде үңгір ішінде ақсақал отыратын. Сол ата қазір де келушілерге бата беріп, аят оқып отыр. Гидтің айтуын-
ша, ақсақал бұл үңгірге келіп жүргеніне бірнеше ондаған жылдар болған. 25 метрге қалай күнде түсіп-шығатыны қызық.

Албан, Суан, Дулат руларының анасы

Домалақ ана кесенесі де Қаратаудың күнгей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Домалақ ананың шын есімі - Нұрила. Ақсақ Темірдің әскерін басқарған Әли Сланның қызы, Бәйдібек бабаның үшінші әйелі. Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған.

Сыртқы пошымына қарап (Нұрила анамыз кішкене бойлы, қара торы, домалақ келген кісі болған деседі) ел Домалақ ана атап кеткен екен.

Домалақ ана ай келбетті ақылгөйлігі мен күн дидарлы мейірбандығы және кіндігінен өрбіген ұрпағының кең етек жаюына орай Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады.

Кесенеден шығып солдан оңға қарай айнала жүрсеңіз, 4 жер асты бөлмесі бар. Тұрмыс құрмаған қыздар, бала тілеп, дертіне шипа іздеп келгендер кіріп дұға-тілек тілеп, садақа тастайды екен. 2 бөлмеде бала бесіктері тұрды.

imgonline-com-ua-Resize-nPBggXxZBoZ.jpg

Домалақ ана толғатып, қатты күйзелген кезде өкшесін жерге шірене тірейді. Сол кезде дүниеге перзент - Жарықшақ баба келіп, ананың өкшесі тиген жерден су шығады. Өкшесі тиген жерден шыққан суға баласын жуындырып, ананың өзі де осы сумен тазаланады. Міне, содан бері бұлақ көзі тартылмай, келіп-кетушілердің зиярат орнына айналады. Бұлақ кесенеден оңтүстікке қарай 700 метр жерде екен. Бұлақ суының қасиеті - көз, ішкі ағза ауруларына, қол мен денеге шыққан аллергия, қышыма, ұшық сияқты тағы басқа түрлі жараларға шипа. Аяқ-қол қақсағанға, елірме мен қояншық ауруына шалдыққандарға дауа деседі.

Айша бибі кесенесі - махаббаттың белгісі

Алматыға қайтар жолда Тараз жеріндегі Айша бибі кесенесіне соқтық. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі. Сан ғасырлар соқпағынан аман өткен кесененің тек батыс бөлшегі ғана сақталып қалған болатын. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді.

Айша бибінің кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер жоқтың қасы. Айша бибі асқан сұлулығымен қатар, ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде жас батыр Қараханмен кездеседі.Бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік қосақ болуға уағдаласады. Жан-жақтан жау анталаған за­ман­да елін, жерін қорғаумен жүрген Қара­ханның айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі, жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені - Тараз жеріне өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже (кей жазбаларда Бабаджа хатун) қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол азабын тартып, Таразға да жетеді. Жарты күндік жол қалған кезде өзеннің жағасына демалуға тоқтайды. Сол кезде улы жылан Айша бибіні шағып алады. Бүкіл тәнін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу сүйгені Қараханға ат шаптырады. Қарахан емші-тәуіптерін алып жеткенде ару қыз ісініп, талықсып жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: "Айша, сен енді бибі болдың!" - деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Ғашығынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады... Сол үшін де ел бұл кесенені - махаббат символы деп атап кеткен. Шаңырақ көтеріп жатқан жастар ескерткіш басына келіп, тағзым етіп жатады.



Следующая →