Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елімізде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы өсті

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қайта есептелді

Новости Казахстана / Елімізде әлеуметтік төлемдер мен  зейнетақы өсті

Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өсті. Ал зейнетақыға қосымша төленетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 20 191 теңгеден 37 389 теңгеге дейінгі аралықта арттырылды. Сәуір айының айырмашылық сомасы алдыңғы мамыр айындағы зейнетақы мен жәрдемақыларға қосылып маусым айында төленетіндігін мәлімдеді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Серік Саятов ӨКҚ-де өткен баспасөз конференциясында.

Ал шілде айынан бастап қалыпты зейнетақы беріле бермек. ШҚО бойынша 568,4 мың тұрғынның зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдері артып отыр. Сондай-ақ, жәрдемақы да көбейді.

Сонымен, жәрдема-қылардың мөлшері, күнкөріс деңгейінің мөлшерінің өзгеруіне байланысты 2022 жылдың 1 сәуірнен бастап мүгедектік үшін берілетін жәрдемақылар: І топқа 69 155 теңгеден 71 787 теңгеге, ІІ топқа 55 108 теңгеден 57 206 теңгеге, ІІІ топқа 37 459 теңгеден 38 885 теңгеге, 7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден 52 345 теңгеге артты, - деді Серік Саятов.

Биыл еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 9%-ға артты. Бірінші рет 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5%-ға және екінші рет ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 4%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттіліктен айырылу бойынша әлеуметтік төлем мөлшері елімізде 82 мың адамға, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 5179 адамға артты.

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгiленген бүкіл кезеңіне тағайындалады.

Әлеуметтiк төлемнің мөлшерi соңғы 24 айдағы кірістің орташа айлық мөлшерiн ең төмен жалақы мөлшерінің 55 пайызы шегерілген, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады.

Төлемді тағайындау туралы өтініш медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде беріледі.

Сонымен қатар, құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне қағаз түрінде беруге болады.

Бұдан басқа, бұл төлем төлемдерді ресімдеуге қатысты SMS-хабарлама ұялы телефонға келіп түскен кезде проактивті форматта тағайындалуы мүмкін, оған келісіммен жауап беру қажет.

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлем ұзақ мерзімді болып табылады және бірнеше жыл бойы төленеді. Мысалы, ол адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенге дейін немесе зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылуы мүмкін (төлем ұзақтығы 45 жылға жетуі мүмкін).



Следующая →