Алматыда миллионға жуық жалған доллар жойылды
Жалған ақша жасауға қарсы іс-қимыл Қаржы мониторингі агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады
2020 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бір миллионға жуық доллар тәркіленді.
Қызметкерлер купюраны тексеру үшін сатып алуды жүргізді. Осыдан кейін алматылық 293 мың АҚШ доллары сомасындағы жалған купюраларды сатумен айналысқаны анықталды.
Кейінірек белгілі болғандай, 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін құқық бұзушы бірнеше рет номиналы 100 долларлы жалған валютаны сатқан.
Тінту мен заңсыз айналым нәтижесінде 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.
Қулығын асыра алмаған ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылады.
Следующая →