Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мас күйінде көлік айдаған жүргізушіні тәртіп сақшылары ұстады

Көліктің рөліне ішімдік ішкен күйінде отырғаны былай тұрсын, ол адамның жүргізуші куәлігі де болмаған

Новости Казахстана / Водителя, управляющего авто в состоянии алкогольного опьянения, задержали в ВКО
Фото:
Устинка LIVE

Өскеменде «Қауіпсіз жол» жедел тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері Жаңа Согра ауданында облыс орталығының 51 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жүргізуші мас болған. Оның үстіне ер адам көліктің кез-келген түрін жүргізуге рұқсат беретін жүргізуші куәлігінен үш жылға дейін айырылған, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

- Анықтама бойынша жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдiк, есiрткi және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлiк құралын басқаруы не осындай адамға көлік құралын басқаруға беруі» бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Следующая →