ШҚО-да ауыр жол апатынан көлік жүргізушісі қайтыс болды
12 қараша күні сағат 7-лер шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары тас жолында өте сұмдық жол апаты болды
Жүк көлігіне соғылып, алды мыжылған автомобилдің суретін оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жариялап та үлгерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Гранта» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол жиегінде сынып тұрған «КамАЗ» көлігінің артына кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады полиция департаменті
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өмір мен денсаулықты сақтау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік иелері жолдарда абай болып, метеорологиялық және жол жағдайын ескеріп, жылдамдықты сақтауы қажет.