Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Омбудсменге қол сұғылмаушылық мәртебесі беріліп, оның өкілеттігі кеңейтілуі мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы"заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Заң жобасын Парламент депутаттары тобы әзірледі, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан"агенттігінің тілшісі.

 Жобаны мәжілісте таныстыра отырып, Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров құжатта омбудсмен мәртебесі мен оның қызметінің қағидаттарына ерекше мән берілетінін атап өтті. Уәкілге қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі, куәгерлік айғақтар беруден босатылады. 

 Жобаны мәжілісте таныстыра отырып, Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров құжатта омбудсмен мәртебесі мен оның қызметінің қағидаттарына ерекше мән берілетінін атап өтті. Уәкілге қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа қол сұғылмаушылық мәртебесі беріледі, куәгерлік айғақтар беруден босатылады. 

 Оның заңды қызметіне араласқаны, кедергі жасағаны үшін жауапкершілік енгізіледі. Сондай-ақ, уәкіл лауазымында болуға қойылатын талаптар мен шектеулер - саяси қызметпен айналысуға, оның мемлекеттік қызметте болуына, саяси партияларға қатысуына тыйым салу көзделеді, - деді Шәкіров. 

Сонымен қатар, омбудсменнің шағымдарды тексеру және ақпарат алу нәтижелері бойынша адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілуде.

Оған (омбудсмен-ИФ-К) мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қабылдауға тиісті шараларға қатысты ұсынымдар жіберу; адам құқықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді немесе қылмыстық істі жүзеге асыру туралы Мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгіну; мемлекеттік аппараттың шешімдерімен немесе әрекеттерімен, сондай - ақ әрекетсіздігімен бұзылған шектелмеген адамдар тобының құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгіну құқығы беріледі,- деп қосты Сенат вице-спикері. 

 Мәжіліс "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы құжатпен Салық кодексінің 616-бабына Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жіберетін талап арызды (талап қоюды) мемлекеттік баждан босату бөлігінде толықтыру енгізіледі.

Следующая →