Жамбыл облысындағы алапат өрт сөндірілді
16 қыркүйек күні кешке жақын Жамбыл облысының Көкдөнен ауылынан 10 шақырым жердегі таулы аймақта құрғақ шөп өртенді
Бейсенбінің кешінде басталған өртті бес күннен кейін сөндіру мүмкіндік болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
21 қыркүйекте сағат 15.30-да Тұрар Рысқұлов атындағы аймақта, теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктіктегі таулы, тасты жерде шыққан өрт сөндірілді, делінген баспасөз қызметінің сейсенбіде таратылған хабарламасында. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Өрт аумағы 650 гектарды құрады.
Тілсіз жаумен күресуге 277 адам мен 42 техника жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін алты тоннаға жуық су көтеріп әкелген Ми-8 "Казавиаспас" тікұшағы қолданылды.