Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тағы бір есірткі тасымалдаушы ұсталды

Облыста есірткілерді сатып алу мен дайындау фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Карасора" жедел алдын алу шаралары өткізілуде

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / Очередного наркозакладчика задержали в ВКО
Фото:
ДП ВКО

Іс-шара кезінде Алтай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жөнделіп жатқан жолда есірткіні аса ірі мөлшерде өз көлігінде сақтаған 25 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Тәртіп сақшылары фольгаға оралған әппақ ұнтақ салынған 115 полиэтилен пакетін, екі қара дорба, фольга, медициналық қолғап, екі ұялы телефон мен қылмыскерлердің құжаттарын тәркіледі.

Химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған ақ түсті ұнтақ психотропты болып табылады. Жалпы салмағы 51,72 грамм. Сондай-ақ, зерттеуге ұсынылған ақ түсті ұнтақты затта меткатинон психотропты затының аналогы мефедрон бар. Мефедронның жалпы салмағы 14,48 грамм, - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған қала тұрғыны осы аймақта бірнеше рет белгі қалдырған болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚҚ 296-бабы бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас блстандығынан айырылуы мүмкін.

Следующая →