Орман өрттері Қазақстанға 4,6 миллиард теңге шығын келтірді
Мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 143 мың гектар болатын 648 орман өрті тіркелді
Қазақстанда ағымдағы жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 650-ге жуық өрт болды, шығын 4,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлады республиканың экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.
Сонымен қатар, вице-министр ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік орман қоры аумағында шамамен 13 мың рейд жүргізілгенін, оның барысында 8 мың текше метр көлемінде заңсыз ағаш кесудің 121 жағдайы анықталғанын хабарлады. Шығын 124 миллион.
Следующая →
- 2021 жылғы 2 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 143 мың болатын 648 орман өрті тіркелді, - деді Шалабекова бейсенбі күні Министрліктің алқа отырысында.
- Өрттен келген шығын 4,6 млрд теңгені құрады, - деп атап өтті ол.