Өскемен тұрғыны марихуананы сақтағаны үшін қоғамдық жұмыстарға жіберілді
ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлағандай, ер адам аялдамаларда, скверлер мен саябақтарда тәртіп орнатады
Өскемен тұрғыны қылмыстық теріс қылығы үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ер адам "сату мақсатынсыз" үйде есірткі заттарын сақтаған.
Ведомствода атап өткендей, Өскемен тұрғыны сату мақсатын көздеген жоқ, бірақ сақтау фактісі заңсыз болып табылады.
№ 2 Өскемен қалалық соты ҚР ҚК 296 - бабы 3-бөлігі "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау"бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 51 жастағы ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. Нәтижесінде ер адамға жүз сағаттық міндетті қоғамдық жұмыс тағайындалды. ⠀
Следующая →
- Кідіріссіз тінту барысында ер адамнан өсімдік тектес қағаз бумасы тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат есірткі болып табылады – гашиш. Сонымен қатар, ер адамнан кереуеттің астынан ірі мөлшерде кептірілген марихуана табылды,- деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖД.
Ведомствода атап өткендей, Өскемен тұрғыны сату мақсатын көздеген жоқ, бірақ сақтау фактісі заңсыз болып табылады.
- Сот отырысында облыс орталығының тұрғыны марихуананы кептіріп, үй аумағындағы бетон құбырға тығып, шүберекке мықтап орағаны анықталды, - делінген ҚАЖД хабарламасында.
№ 2 Өскемен қалалық соты ҚР ҚК 296 - бабы 3-бөлігі "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау"бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін 51 жастағы ер адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. Нәтижесінде ер адамға жүз сағаттық міндетті қоғамдық жұмыс тағайындалды. ⠀
- Өзінің қылмыстық теріс қылығы үшін ер адам қоғамдық орындарда – аялдамаларда, скверлер мен саябақтарда тәртіп орнатады, - деп атап өтті Пробация қызметінің Сол жағалау ауданының бастығы Бауыржан Төлеуханов.