Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК мамандары республикада 10 мен 12 шілде аралығындағы ауа-райы болжамын жариялады
Каспий теңізі аудандарынан келген циклон бүкіл республикадағы ауа райына әсер етеді. Осыған байланысты солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Батыста ауа температурасы түнде + 15+23 градус, күндіз +27+35 градус, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+20 градус, күндіз термометр бағаны +18+28 градусқа жетеді. Еліміздің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +12+21 градус, күндіз +18+33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +15+25 градус, күндіз +27+38 градус болады, - дейді "Қазгидромет" РМК мамандары.