Шілдеде еліміздің кей өңірлерінде қуаңшылық болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері шілдеде қай өңірлерде қуаңшылық болатынын айтты
Статистикалық болжамға сәйкес, шілдеде Ақтөбе облысының (Нұра, Ырғыз), Қостанай (Қарамеңді, Амангелді), Атырау (Құлсары) және Маңғыстау облысының (Аққұдық) жекелеген аймқатрында төтенше қуаңшылық жағдайы болады деп күтіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қатты қуаңшылық – Ақмола (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан (Тайынша) және Маңғыстау облысында (Сам).
Қуаңшылықтың орташа деңгейі – Ақмола облысында (Балкашино), Ақтөбе (Комсомольское, Темір), Қостанай (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан (Лениногорск), Жамбыл (Қордай), Алматы (4 ауылында), Қызылорда (Қазалы) және Атырау облысында (Атырау).
Маусымның соңғы онкүндігінде жауын-шашын болуы мүмкіндігіне байланысты, орташа ылғал жағдайлары Батыс Қазақстан облысында (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысында (Бақты) және Маңғыстау облысында (Бейнеу) болады деп болжанған. Қалған аумақтарда ылғал қалыпты жағдайға жақын болады деп күтіледі.
Сондай-ақ, шілдеде еліміздің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтіледі.
Следующая →