Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысына миллиард долларға жуық қаражат қажет

Ақпан айында елорда әкімі тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті көлік құрылысы жалғасады деп мәлімдеген болатын. Осы мақсатта әкімдік қарыз қаражаттарын іздестіріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысы ресми түрде қайта басталғанын айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

Қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданды. Шарт бұрынғы, олар келісімшарттарда белгіленген. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Шарт міндеттемелеріне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр.

Жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айта алмаймын. Белсенді жұмыс қаржының түскеніне қарай жалғасады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз, - деді Алтай Көлгінов  ОКҚ онлайн-брифингінде.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, бетон немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде техникалық сараптама жүргізіледі.
Ол қаржыландыру көздері ішкі қаржы нарығында да қарастырылып жатқанын атап өтті. 
- Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алу қарастырылмайды. Тек екінші деңгейлі банктер ғана, - деді әкім.
Қала басшысы жоба аяқталуы мүмкін алдын ала мерзімдерді де атаған жоқ. Оның айтуынша, қаржыландыру көздері бойынша байқауды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бірақ іс жүзінде байқау өтпей, жаңасы жарияланатын кездер де болады.  
Следующая →