Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдегі ескі ғимарат көпестер үйі қайта жөндеуден өтеді

Қазір кәсіпкер бұл жерде тұрғын үй салу үшін бұрынғы мұражайды бұзбақ ойы бар

Жергілікті әкімдік облыстың мәдени астанасында ескі көпестер үйін бұзуға жол бермеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Семей әкімшілігі ескі үй қиратып жатқандықтан  құқық қорғау органдарына үндеу жолдаған.
- Ғимаратты қиратуға рұқсат етілмеген, - деп түсіндірді облыстық әкімдікте. -  Қазір үй өзінің тарихи маңыздылығы мен сақталу дәрежесін анықтау үшін тарихи-мәдени сараптамадан өтіп жатыр. Бірақ  үйдің иесі осы жерге жаңа тұрғын үй салу үшін оны бұзғысы келеді. Бұған дейін ол ескі ғимараттың жанына сауда орталығын салған.
ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  облыс басшысы Даниал Ахметов  Семейге жұмыс сапарымен барғанда ескі ғимараттың иесімен кездескен. Кездесу барасында аймақ басшысы 177 жыл тарихы бар саудагер үйінің бастапқы келбетін қалпына келтіру үшін ақша бөлінетінін, сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасы аталған сәулет ескерткішінің тарихи құндылығы туралы барлық қажетті құжаттарды дайындағаны туралы жеткізген. 
- Ескі ғимаратқа жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесін беру процесі басталды. Сондықтан меншік иесі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, - деді ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. - Ғимарат тарих пен мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне әлі енгізілмеген. Бірақ 9 маусымда облыстық комиссияның отырысында оған осындай мәртебе беру туралы мәселе қаралды.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі ғимарат иесі үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орнына оның бір қабырғасының бұзылуына жол бергенін айтты. Осы факт бойынша Семей қаласының мәдениет және  тілдерді дамыту  бөлімі құқық қорғау органдарына жүгінген. Егер  үй иесінің қолынан зардап шеккені анықталса, оған қылмыстық іс қозғалады.

Следующая →