Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қаскүнемнен жәбір көргендер 12 мен 15 жас аралығындағы балалар. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
- Ол телефонды қолдан жұлып алып, қашып кеткен сәт болды. Бірақ барлық жағдайда күдікті балалармен, дәлірек айтқанда 12 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдермен алдымен әңгімелесе бастайды. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді. Бұл дені сау әрі жас жігітке сылтау бола ала ма? Жас кезінде көптеген адамдар қаржылық қиындықтарға кезігеді, бұл өмір кезеңі бізге ақшаны ұтымды пайдалануға, ақша табуға, үнемдеуге, саудаласуға және алған заттарыңа ұқыпты қарауға үйретеді. Енді ПД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған уақытта оған адал және заңды түрде ақша табу үшін қандай мүмкіндіктері бар екенін түсінуге тура келеді. Н. есімді ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.