Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 100-ден астам мүгедек 2021 жылы мемлекеттің көмегімен жұмыс тапты

Олардың көпшілігі қоғамдық жұмыс орындарында жұмыс атқаруда. Шамамен 40 адам тұрақты жұмыс таба алған

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту облыс әкімдігінің жұмысының маңызды бағыты болып қала береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Альмира Мусинова мүгедектерге мемлекет бұл мәселеде қалай көмектесетіні туралы айтты.

- Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталығына 138 мүгедек адам жүгінді, - дейді Альмира Мусинова. - Оның 39-ы тұрақты жұмысқа орналасып, ал 84 адамға қоғамдық жұмыс берілді. Олардың екеуі жастар практикасы бойынша жұмыс істеуге жіберілсе,  екеуі  әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс жасайды.  Тағы екеуіне мемлекеттік гранттар берілді.

Сонымен қатар, Альмира Мусинованың айтуынша, қала әкімдігі жұмыс орындарының саны 50-ден асатын кәсіпорындардың басшылығына мүгедектерге жұмыс орындарын құруды міндеттеу туралы шешім қабылдаған. Қазір Өскеменде осындай 208 кәсіпорын бар және олар 899 адамды жұмыспен қамту жоспарласа,  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 700-ге жуық орын қарастырылған. Шенеунік атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.
Следующая →