Қазақстандықтар БАӘ шығарған қытайлық вакцинаны алу мүмкіндігіне ие болады
Бір миллион препаратын сатып алуды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырды
Бір миллион доза көлемінде Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған Hayat-Vax деп аталатын қытайлық вакцина Sinopharm мамыр айының аяғында Қазақстанда сатылымға шығады. Оның көмегімен 500 мың адамға вакцина егуге болады. Препаратты сатып алуды "Самұрық-Қазына" АҚ қаржыландырды. Жеткізілім Қор, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "СК-Фармация" ЖШС арасындағы келісім аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Вакцинаның бір дозасы 31,1 доллар тұрады. Осылайша, вакцина жеткізу құны 31,1 миллион долларды құрады. Сәуірде 400000 доза, ал мамырда 600000 доза дәрі жеткізіледі.
Осыған дейін COVID-19-қа қарсы қытай вакцинасы Ақтөбе облысына жеткізілетіні белгілі болды. Вакцинамен бірінші "Самұрық-Қазына" компаниясының қызметкерлері егіледі, содан кейін вакцина облыс тұрғындарына қол жетімді болады.
Следующая →

Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане Китайская вакцина Sinopharm Министерство здравоохранения РК Вакцинация от коронавируса