Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Ғалымдар QazVac коронавирустың жаңа штаммына қалай төтеп беретінін айтты

Вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.
- Инактивтелген вакцинамыз - тұтас вирионнан жасалатын вакцина. Вирустың ішіндегі барлық ақуыздың спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, біздің вакцинадан пайда болатын иммунитет бүкіл мутацияланған штамға қарсы төтеп бере алады, - деді ол.
Спикер бұған дейін министрлік берген Qazcovid-in вакцинасының вирусқа әсері 96%-дан астам деген пайымның қаншалықты рас екеніне тоқталды.
- Біз бірінші және екінші клиникалық зерттеулердің нәтижесін анализден өткізіп, сараптап, есептің ішінде бүкіл көрсеткіштерді қарастырған кезде отандық вакцинаның иммунитет сақтау көрсеткіші 96%-ға сай екенін байқадық. Дегенмен, бір ескерер жайт, бірінші фазадан кейін мұның көрсеткіші 100%-ға жетіп, екінші фазадан кейін 96% болса және адам саны неғұрлым артса, оның көрсеткіші соғұрлым төмен болуы мүмкін. Сондықтан үшінші фазаның соңында бұл көрсеткіштің тағы өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, - деді ол.

Следующая →