Атырауда үш ересек адам мен бір бала улы газдан көз жұмды
Оқиға орнында аудандық ТЖ және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде, өлімнің алдын ала себебі - тұншықтырғыш газбен улану
Атырау облысының Ақтоғай елді мекенінде төрт адам, оның ішінде бала улы газбен уланып қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Салықов көшесіндегі үйден төрт мәйіт табылды деген хабар жұма күні кешке аудандық полиция бөлімінен өрт сөндіру бөліміне түскен.
Следующая →
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Салықов көшесіндегі үйден төрт мәйіт табылды деген хабар жұма күні кешке аудандық полиция бөлімінен өрт сөндіру бөліміне түскен.
- Шақыру орнына келген Махамбет ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында 1974 және 1991 жылғы ер адамдар, 1977 жылғы әйел және 2016 жылғы қыз қайтыс болғанын анықтады, - делінген ақпаратта.