"Өмір тамшысы": ШҚО донорлық акцияны қолдады
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Атамекен" ҰКП Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік Іскер әйелдер кеңесі акцияны қолдау мақсатында эстафетаны жалғастырды
"Өмір тамшысы" челленджін Маңғыстау облысының әріптестері ұйымдастырып, Солтүстік Қазақстаннан біздің өңірге тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
5 наурызда ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКП РСДЖ төрайымы Елена Березинская-Абилова, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Әлия Мұқашева, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері мен Палата қызметкерлері қан құюға мұқтаж жерлестеріне қан тапсырды. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында "Өмір тамшысы" акциясы өткізілді. Бизнес-ханым өз үлгісімен отандастарын донор болуға және қан талап ететін пациенттерге көмек көрсету ісіне өз үлесін қосуға шақырды.
Следующая →

- Шығыс Қазақстанда әйелдер бизнесінің дамуын қадағалайтын ер-кәсіпкерлер біздің үндеуімізге үн қосқаны қуантады. Акцияға барлығы 27 адам қатысты, - деді Елена Березинская-Абилова.Акцияға қатысушылардың айтуынша, олар үшін қозғаушы күш жақын адамыңызға көмектесу және сенің қаның біреудің өмірін құтқара алатынын ұғыну болды.
- Қан орталығының қызметкерлері нағыз мереке ұйымдастырды! Барлық әйелдерге сыйлық жиынтықтары табыс етілді, дастархан жайылды, жақсы көңіл-күй сыйланды, - деп өз әсерімен бөлісті ШҚО КП директорының орынбасары Әлия Мұқашева.ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКП Өңірлік Іскер әйелдер кеңесі жақсылық эстафетасын Қостанай облысындағы әріптестеріне жолдайды. Біздің "қан байланыстарымыз" күшейіп, бүкіл ел бойынша көбейсін!
Тақырыптар:
РСДЖ НПП "Атамекен" Челлендж "Капля жизни" Елена Березинская-Абилова ПП ВКО Алия Мукашева