26 ақпанда қыс қаһарына қайта мінеді
"Қазгидромет" мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады
Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кей уақытта қар жауады. Республиканың батысында – жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын жаумайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел күшейеді.
Следующая →
- Шығыс Қазақстан облысында боран мен тұман болжанады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді;
- Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады;
- Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады;
- Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, Батыс Қазақстан облысында жел екпіні - 15-20 м/с;
- Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді, түнде - тұман, көктайғақ;
- Түнде Қостанай, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қарағанды облысында тұман түседі;
- Түнде Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Түркістан облысының солтүстігінде қатты аяз болады.