Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Маңғыстау облысында ірі кен орны ашылды

Оған танымал геолог-барлаушы, кен көзінің ізашары Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді

Маңғыстау облысы аумағында жаңа кен орны табылды. Алғашқы сараптама  мұндағы мұнай мен газдың құрамында күкірт жоқ, сапасы өте жоғары екенін көрсетті.

Жаңа кен орны Маңғыстау мен Бейнеу аудандарының аумағында орналасқан. Тепке учаскесіне жақын маңда бұрыннан белгілі Қарақұдық, Арыстановшы және Комсомолшы сынды кен орындары бар.

Зерттеу қорытындыларына сәйкес мұндағы мұнайды стандартты әдістермен шығаруға қолайлы. Көмірсутектер қоры ұңғыма құрылысы мен игеру жұмысы аяқталған соң есептелетін болады. Жаңа кен орнына аты аңызға айналған барлаушы-геолог, бас мұнайшы Халел Өзбекғалиевтің есімі берілді.

- Қазір шығып тұрған мұнайдың өлшемі мысалы 6 мм-лік штуцер бойынша шамамен 130-140 текше метр. 8 мм-лік штуцер бойынша 230-240 текше метр. Өзендегі, Жетібайдағы, Қаламқастағы немесе басқа да кенорындармен салыстырып қарағанда бір жерде де ондай өнім беретін скважина жоқ. Ертең ол жерде үлкен жұмыстар жүргізіледі. Осы жердің тұрғындары жұмысқа тартылады, – дейді Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті Балтабек Қуандықов.
Следующая →