Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Шегірткемен күресуге екі миллиард теңге бөлді

Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрліктері шегірткемен күресу жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрліктері 2021 жылға шекаралас аймақтардағы шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлады республиканың Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Құжатқа екі ел ведомстволары мамандарының жыл сайынғы бейнеконференция форматында өткен кездесуі қорытындысы бойынша қол қойылды. Кездесу барысында тараптар зиянкестермен және аурулармен күресудің жоспарланған шаралары туралы ақпаратпен алмасты.  Сонымен қатар, осы бағыттағы одан әрі ынтымақтастықты талқылады. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс ресейлік әріптестеріне 2020 жылы республикада 515 мың гектар алқапта шегірткеге қарсы емдеу шаралары жүргізілгені туралы хабарлады. Ал биыл зиянкестердің таралуы 640 мың га құрайды деп күтілуде.
 
Шегірткемен күресу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге (415,96 / $ 1) бөлінді. 
- Бұл қаражат жобаланған аумаққа пестицидтер мен химиялық тазарту қызметтерін сатып алуға жеткілікті, - делінген хабарламада.
 Хабарлама да Қазір Мемлекеттік инспекция комитеті "зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеулер жүргізу бойынша жұмыстарды уақтылы бастау үшін" дайындық шараларын аяқтағаны туралы айтылған.

Қазақстандық тараптың мәліметі бойынша, 2021 жылы Ресей Федерациясында 590 мың гектарға жуық шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс шараларын жүргізеді.
Следующая →