Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанда ер адам зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті

Күдікті ең алдымен 78 жастағы атаны әңгімемен алдарқатып, қай жерден шәй ішуге болатынын сұрап, кенеттен оған шабуыл жасайды. Ұрып-соғып, қарияның қолындағы бағалы заттары бар әмиянды тартып алып кеткен

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне көмек сұрап егде жастағы ақсақал барған. Жапа шегушінің айтуынша, оған Бейсеков көшесінде таныс емес бір ер адам ұшырасып, қай жерден түстенуге болатынын сұраған. Қария түсіндіре бастағанда бейтаныс жігіт оны ұрып жіберіп, қолындағы барсеткасын ұрлап кеткен. Әмиянда ақша, құжат және екі ұялы телефон болған, деп хабарлайды Polisia.kz сайтында.

Тонаушы құжаттарды гараждың алдында лақтырып, ақша мен ұялы телефондарды өзімен бірге алып кеткен.
- Елордалық полиция басқармасының жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жылдам әрекет етуі арқасында күдікті анықталды. Оқиға орнына тез жеткен патрульдік тәртіп сақшыларының экипажы 30 жастағы ер адамды қолға түсірді. Мәлім болғандай, ұсталған тонаушы бұрын да қылмыстық іске тартылған, - деп мәлімдеді.
Құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні уақытша қамау изоляторына отырғызды. ҚР ҚК 191-інші бабы «Тонау» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Следующая →