Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөздік жас ақын Айшолпанның алар асулары алда

Кейінгі кезде аягөздік жас талант Айшолпан Тілеутайдың айтыс алаңында тауып айтқан, қарсыласын қауып айтқан өлең шумақтары жұрт арасына кең тарап кетті


Айтыс әлемінің жаңа жұлдызы, өзгеше дарын иесі Айшолпан қарындасымыз Аягөз қаласында тұрады. Небары 20 жасында ол алған асулар баршылық. Ол “Менің пірім - Сүйінбай” атты республикалық студенттер айтысының 3-орын иегері, "Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе?" атты республикалық жастар айтысының 1-орын, Шымкент қаласында өткен "Тәуелсіз елдің жастары" атты республикалық ақындар айтысының 1-орын иегері, Тәуке бабаның 350 жылдығына орай ұйымдастырылған айтыстың 2-орын, Өскемен қаласында өткен "Алтайдың ақиығы - Ақтан ақын" атты облыстық айтыстың Бас жүлде иегері.

Айшолпан, жалпы жұртшылық сенің шығармашылығыңнан хабардар. Дегенмен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңнің өмірбаяныңды айтып өтсең...

- Мен 2001 жылы Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңірінің Малгелді ауылында дүниеге келгенмін. Сол жердегі Төлеуғали Есімжанов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 8-сыныпқа дейін оқыдым. Кейін отбасымыздың қоныс аударуына байланысты орта мектепті Аягөз қаласындағы №6 мектептен бітірдім. ҚазірСемейдегі Шәкәрім атындағыуниверситеттің Филология факультетінің 3-курс студентімін.

Ең алғашқы өлеңіңді қай кезде, неше жасыңда жаздың?

- Малгелді ауылында сол Т. Есімжанов атындағы орта мектептің 1-ші, 2-ші сыныптарында оқып жүргенде жаздым ғой деймін. Айтыс сахнасына Аягөз қаласындағы №6 орта мектептің 8-сыныбында оқып жүргенде шықтым. Ол тұста республикалық "Ақберен" атты балалар байқауы өтіп тұратын. Онда көркемсөз оқу, айтыс, шығарма жазу, мәнерлеп оқу секілді бөлімдері бар. Соның "Айтыс" жанры бойынша қатысып, бірінші орын алғанмын. Сол байқауға жыл сайын қатысып, шыңдалдым. Ақыры, осы "Ақберен" байқауының грантын жеңіп алып, Семейдің Шәкәрім атындағы университетіне түстім. Университет қабырғасында да қарап жатпай, айтыстарға қатысып жүрмін. Жыл сайын Алматыда "Менің пірім Сүйінбай" атты студенттер арасында дәстүрлі түрде өтетін айтыстың тұрақты қатысушысымын десем болады. Сол жерде Жүрсін Ерман, Ринат Зайытов сынды тұлғалардың көзіне түстім. Жүрсін атамыздың ақ батасын алдым. Өзімнің жерлесім, белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытовтан көп нәрсе үйрендім. Қазір Ринат ағамды өзіме ұстаз тұтамын. Ұстаз дегеннен шығады: Малгелді ауылындағы мектепте әдебиет пәнінің мұғалімі Құралай Төкенова атты өзіме үлгі тұтатын ұстазым болды. "Сенен бірдеңе шығады. Поэзияны көп оқы. Ұйқасы келмесе де өлең құрастыра бер. Шалыс ұйқаспен құрастыр, он бір буынды өлең жаз, қара өлең ұйқасымен құрастыр!" деп тапсырма беретін. Кейін Аягөзде Айгүл Ахметкәрімова деген ұстазым болды. Айгүл апайым "Ақберен" айтысына еш жүрексінбей қатысуыма себепкер болды. Дегенмен, ол кісіден кейін Жанар Алпысбаева деген мұғалімім үш жыл бойы айтысқа дайындап, дүбірлі додаларға үкілеп қосты десем болады. Тіпті, оқушы кезімнің өзінде менің шығармашылық кешімді ұйымдастырып, ерен еңбегін сіңірген осы Жанар Саяжанқызы болды. Сосын белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш ағамның шығармашылығына қатты қызығамын, ол кісіден де үйренерім көп деп есептеймін. Балғын ағаның адамгершілігі, жастарға деген зор қамқорлығы мені де, мен секілді жас ақындарды да тәнті ететіні рас.

3 анонс (1).jpg

Мектеп қабырғасында жүрген кезіңде де көптеген айтыстарға қатыстың. Сабағыңа зияны тиген жоқ па?

- Әрине, ептеп болсын сабаққа дайындалуға уақыт жетпей қалатыны рас. Осыған байланысты мен сізге бір қызықты оқиғаны айтып берейін. Жаңағы "Ақберен" айтысы бар, мүшәйраларға да көп қатысамын ғой. Мүшәйрадан мүшәйра.. Павлодар, Алматы, Өскемен бардық. Сабаққа қатысу азайды. Бір күні түн ішінде пойыздан түскем. Кітаптарымды ауыстыруға да уақытым болмай апыл-ғұпыл сабаққа кешігіп келдім. Дәлізде мектеп директорының орынбасары Майра апайымыз көріп: "Айшолпан, сағат қанша болды? Қазір қай сабақ?" десе, мыйым айналып келе жатып, сасқанымнан "Сәлеметсіз бе, бүгін өзі қай күн?" деппін ғой (күлді). Ондай қызықтар көп болды. Бір күні Семейден Аягөзге қайтайын десем, пойызға билет жоқ екен. "Енді не істеймін!?" деп қиналып тұрғанымда жолсеріктің киімін киген бір апай: "Әй, қызым, жүр менің вагоныма. Мен сені ала кетейін. Орын тауып берем", - дегені. Қуанып кеттім. "Қанша?", "Төрт мың теңге", - іштей қымбатсынсам да, амал жоқ, келістім. Орын жоқ, жаңағы сөз жалған болып шықты. Біреудің аяқ жағына қыстырлысып отырып келем. Пойыздың іші суық. Содан Шар қаласынан астық. Апайыма жәутеңдеп қарап қоямын. Ол кісі де: "Қазір болады орын. Қазір..." деп жұбатумен жүр. Бір кезде әлгі қыстырлысып отырған жерімнен де тұруға тура келді. Жармадан астық, Үшбиікке келдік. Аягөзге тіпті, таяп қалдық қой енді. Сөйтіп, отырғанда бір аға танып қалды: "Бәле! Мына ақын қызды қара! Ал балам, домбыраңды алып, әу деп жібер!" деген соң, "Халық сұраса, хан түйесін соя-
ды" деген, шырқадым. Қарсы алдымда отырған ағайға да, екінші полкада жатқан апайға да арнап жатырмын. 
...Пойыздағы ағайын, қалайсыздар
Қалайсыздар десем, жақсы қарайсыздар?
Проводникке ұрыстырып от жаққыздық,
Негізінде, ағайын, жарайсыздар! - деп айтып отырғам. 
Бір кезде әлгі жолсерік апайым да: "Маған да бір ауыз бірдеңе айтпадың ба?!" деп қояды. Өзім орын бермегенге қыстығып ашуланып келе жатқан адаммын ғой. Сосын:
Апатай, асулардан асып жүрсіз,
Пойыздарды шаршамай басып жүрсіз.
"Зайчик" қылып ақын қызды алып алып,
Еріксізден бастықтардан қашып жүрсіз.
Құдайым-ау, біз секілді студентті
Неге сонша қымбат ақшаға тасып жүрсіз? - деп едім, апайым маған жұдырығын бір түйіп қашып жоғалды. Содан бері сол апай мені көрсе де көрмегенсіп жүреді. Бірге отырғандардың біреуі видеоға түсіріп алыпты. Ойлағам, түсірсе де бүкіл Қазақстанға тарай қоймас деп...

Өнер - беттегі фотоларды автор ұсынды (10).jpg

Иә, қызық болған екен! Жалпы, қалай ойлайсың, өнерпаз адамның айт пен тойда көп өнер көрсеткені дұрыс па? Жоқ әлде жұрт алдында өнерін көрсетуге мол мүмкіндік пе?

- Жалпы, ақындарға сәл еркіндік керек пе деймін. Оларды шектемеу керек сияқты. Дегенмен, бет албаты айт пен тойда өлең айта бергені дұрыс емес. Тек тойларда ғана домбыраны қолға алып, жеңіл өлеңге, жеңіл сөзге әуестеніп кететіннен аулақ болған абзал. Сол үшін де өзім белгілі бір шақырту болмаса, бара бермеймін. 

Жалпы, мына пандемия кезінде айтыс сәл де болса, саябырсып қалды ғой. Негізі "Қазақстан" ұлттық арнасындағы өзің қатысқан шоу-айтысқа көзқарасың қалай? Өткен жолы өзің Таңжарық деген ақынмен айтыстың...

- Ежелден қазақ халқының төл өнері болып келе жатқан айтыс ешқашанда өлмейді ғой. Ұлттық арнада болып жатқан шоу-айтыс мені де жұртқа танымал етті. Сондықтан, шоу-айтыстың да айтыс жанрына қосар үлесі аз емес деп білемін... Иә, сол жолы Таңжарық менің қытығыма тиетін сөздер айтты ғой. Менің жұлқынып қимылдайтыным ұнамайтынын айтты емес пе?! Иә... сол кезде мен... (сәл ойланып) былай дегенім есімде:
Таңжарық әрбір жырын тыңнан өрді,
Жырыңмен алдамайсың құрғақ елді.
"Жұлқынып Айшолпан" деп айтып қалдың,
Құлағына сырға таққан жігіттерің
Несімен қорғай алсын туған елді.
Жігіттер жігерсіз боп кеткеннен соң
Қыздарға жұлқынуға тура келді.

Өнер - беттегі фотоларды автор ұсынды (9).jpg

Следующая →