Қазақстандықтар 13 ақпаннан жүргізуші куәлігінсіз жүре алады
Қазақстандықтар 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады. Өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Жаңа заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді. Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған болатын.
Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді.
Ал интернет болмаған жағдайда оны радиобайланыс арқылы тексертеді.
Следующая →

- Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат - жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті, - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.