Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астанада есірткі сатушыдан гашиштің ірі партиясы тәркіленді

Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сату әрекеті кезінде қылмыстық топтың жеткізу арнасы мен қызметінің жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізу кезінде 36 жастағы ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда есірткі жеткізу арнасы жойылып, 1,5 кг гашиш тәркіленді, деп хабарлады елордалық полицияның баспасөз қызметі.
- Тінту барысында үйдің ауласынан "гашиш" есірткі затымен 8 полиэтилен түйіншек табылды, сонымен қатар үйдің ішінен салмағы 600 грамнан асатын "гашишпен" екі полиэтилен түйіншек алынды, - делінген хабарламада.

- Есірткі дилерін ұстаумен бір мезгілде полиция қызметкерлері саяжай қоғамдарының бірінде елордаға негізгі есірткі жеткізуші 50 жастағы астаналықты ұстады, одан үйді тінту барысында салмағы бір килограмға жуық "каннабис шайыры" есірткі заты бар 50 сіріңке қорабы тәркіленді, - делінген ақпаратта.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде.
Следующая →