Өскемен
Бұлтты
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    -9°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
  • Тараз
    -7°
  • Түркістан
    -1°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    -5°
$
491.68
+2.29
568.23
+0.24
¥
71.57
+0.29
6.2
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алишер Кабдуалиев
Ақпарат көзі:
Устинка

Талдықорғанда сөндірушілер өртеніп жатқан үйден кішкентай екі баланы алып шықты

Талдықорғанның "Мүшелтой" шағынауданында көпқабатты үй өртеніп, төрт адам түтінге уланып ауруханаға түсті

Олардың қатарында 5 және 1 жастан енді асқан кішкентай екі бала бар деп хабарлайды Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Оқиға 14 қаңтарда сағат 11 жарым шамасында болған. ТЖД күшімен 15 адам, оның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы далаға шығарылса, 35 адам өз бетінше эвакуацияланды. Алайда, 4 адам: 1981 және 1984 жылғы ересектер мен 2015 және 2019 жылы туған кішкентай екі бала түтінге уланып, ауруханаға жеткізілді. Олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханаларына жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр.

- 15 ш.м. аумаққа жайылған өрт сағат 11.48-де сөндірілді. Негізінен жиһаз, теледидар және жеке заттар жанып кеткен. Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылды, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолданудан болды деген болжам бар.
Следующая →