Өскемендегі көшелер – коммунизмнің қалдығы
Дәуірлер кетіп, ғасырлар сырғиды, уақыт өтіп, жылдар жылжиды. Өркениеттің ошағына телініп, ғаламат империя болған хандықтар мен қағанаттар құлап, тиісінше жаңа, жас мемлекеттер бой көтереді. Жеңген ұлт жеңілген ұлттың тарихын жазады
Біздің де тамыры тереңге, құпиясы қойнауға кеткен, жамалын жел қақтаған әженің әжіміндей қатпар-қатпар тарихымызды өзгертіп жазған, жазғысы келген, әлі де болсын жазуға құлықты елдер баршылық. Қандай да бір мемлекет соғыспен я соғыссыз жаулап, меншіктеп алған жерінің тау, өзен, көл, даласына өз тілінде ат қойып, үстемдігін жүргізіп, шынайы қожайындарын ұмыттыруға, тарих сахнасынан біржола ысырып тастауға барын салып бағады. Ширек ғасыр бұрынға дейінгі «орман» халқының отаршылдығы да қазақтың санасынан өтіп, сүйегіне жеткен таңба қалдырды. Сол жараның орны осы күнге дейін жазылмай, тіпті бара-бара асқынып барады. Шығыстың бас шаһары Өскемендегі ескі-құсқы көшелер мен ескерткіштер соның айқын дәлелі. Қала берді кейбір аудандардағы көп ауылдың аттары келмеске кеткен коммунизмнің иісін аңқытып әлі тұр.
Тұтас адамзаттың ортақ перзентіне айналған, төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы тілі бөлек, үні басқа, түрі бөлек, діні басқа халыққа ортақ тұлғаларға арнап көше беру былай тұрсын, оларға ескерткіш тұрғызса да жарасымды. Ал енді, басқыншылық, жаулаушылық мақсатпен жерімізге табан тіреген миссионерлерге орталықтан ойып тұрып орын бергеніміз қай сасқанымыз?! Мысалы, былтыр ғана Согра ықшам ауданындағы Менделеев көшесін Бағдат Шаяхметов атына ауыстыру жөнінде бастама көтеріліп, қызу талқыға түсті. Менделеев кім? Энциклопедист-ғалым, химик, физик, метролог, метереолог, геолог, педагог, мұнайшы, аэронавт... Тізек берсек таусылмайды. Бүтіндей бір химия ғылымына өшпес із қалдырып, қолтаңбасы түскен ұлы тұлға. Дүниежүзінің ғылым-білімі дамыған елдерінде химия пәні дәл осы Дмитрий Менделеевтің кестесінен бастап оқытылады. Ал енді Күршімдік жерлесіміз Бағдат Шаяхметов кім? Қазақстанның шаруа қайраткері, Еңбек Ері, «Өскемен титан-магний комбинатының» және акционерлік ұйымының директоры. 1, 2, 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Өскемен қаласының құрметті азаматы. Шығыс өңірінің экономикалық әлеуетіне айтарлықтай үлес қосып отырған титан-магний комбинатының қарқындап дамуы жолында маңдай терін төккен мақтанышымыз. Атына даңғыл арнасақ та, қоладан мүсінін соқсақ та орынды. Алайда неге ол үшін Менделеев көшесі ысырылып тасталу керек? Идеологиялық, тарихи тұрғыдан ескірген көшелер шашымыздан да көп еді ғой. Солардың бірімен неге алмастырмады екен?!
Жай күндері ауыл үйдің, бала-шағаның әңгімесіне көп араласпайтын, ұсақ-түйекке бола кім көрінгенмен жағаласпайтын, не айтса да он күн ойланып барып шешім айтатын, онысын кесіп айтатын, кең қамтып көсіп айтатын жазушы әрі публицист, ҚР Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры – Әлібек Қаңтарбаев көкемізбен осы тақырып аясында ошақ құрып, қазан көтереміз дегелі біраз болды. Себеп пен салдар іздегенге тәжвирус деген пәле таптырмас сылтау болды: ақ дедік, көк дедік. Бір күні бұзау еміп қойды, бір күні бала жылады. Бірақ, көкеміз менің замандастарым секілді арсы-күрсі жұлқынған, таң атпай жатып алқынғандардан емес екен, сөзінде тұрды. Дүниеге шыр етіп Христос келген мерекенің ап-сабы басылған соң көкем екеуіміз күбір-күбір әңгімеге көштік. Өскеменнің көшелерінде отыз жыл бұрын тырапай асқан кеңестік формацияның күлімсі иісі танауға ұрады? Көшелер қағынып-сілкініп, жуынып-шайынып қазақы түске неге енбейді?
Осы шағын аудандағы К.Либкнехт, Р.Люксембург, Мурина, Воронина, Вартанян, Авиценна, Фонтанная, Котова, Юности, Энтузиастов дегендердің орнына Аттила, Томирис, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Көшек, Ер Қосай сынды баһадүрлердің аттары қойылса, таудың етегіндегі көшелерге қалай жарасып кетер еді.
Ахмердегі Журба, Кузнечная, Зеленый орамы, Атлантическая, Байкал, Ярославский, Миллер, Часников, Логвина, Дробышева, Кокорина, Совхозный орамы атауларының кім екенін, не екенін біліп жатқан ешкім жоқ. Ертістің арғы бетінде Совхозная деген көше тағы бар. Ал енді Урожайная, Садовая, Вишневая, Малиновая, Клубничная, Земляничная – аттары айқайлап тұрандай кілең бау-бақша өнімдері. Жеміс-жидекке көше беріп не керек?! Оданша Алтын Орда, Сығанақ, Сарайшық, Бозоқ, Ақыртас, Абылайкит, Дешті Қыпшақ, Лепсі, Жайық, Іле, Алакөл, Алатау, Арал, Каспий, Ұлытау, Балқаш сияқты жер-су атауларымен алмастырса – рухани жаңғырудың басы сол болар.
Мына бір жыпырлаған көшелерге қараңыз: Сафонов, Гурьевская, Коминтерн, Демьян Бедный, Владивосток, Красногвардейская, Карманова, Доватор, Морозная, Андреев, Пестеля, Мотовозная, Пржевальский, Элевторная, Деповская, Новосибирская, Владивостокская, Барнаульская, Косарева, Штурмовая, Фабрициуса, Казанская, Вострецова, Филатова, Братская, Малахитовая, Красный Зорь, Сопочная, Баллистическая, Белорусская, Спасская, Камчатская, Корницского, Бакинская, Руднева, Делегатская, Новоселов, Песчанная, Краснознаменная, Чернов, Свердлова, Панкратьева, Киевская, Стахановская, Челябинская, Грузинкая, Севастопольская, Якутская, Беспалова, Предгорная, Линейная, Левановская, Полтавская, Черняховского, Жуков, Багратион, Суворов, Дмитрова, Кутузова, Ползунова, Тельман, Лазо, Паровозный 3, 6-шы орамы, Паравозный 1, 5-ші орамы, Западный орамы, Кривоноса 3-ші орамы, Морской орамы, Советский орамы, Чапаев орамы, Столбовой орамы, Куратов орамы, Грейдер орамы. Бұл атауларды кімнің, ненің құрметіне қойғанын түсіндіріп беретін тірі пенде табыла ма? Қарапайым халық тұрмақ, тілшінің тілі әрең келетін атаулар әбден көмескіленген. Ескірмесе, совет заманын ұрандап, қызыл гвардияның сойылын соғып жүрген біреу бар ма тегі?!
Следующая →
Тұтас адамзаттың ортақ перзентіне айналған, төрткүл дүниенің төрт бұрышындағы тілі бөлек, үні басқа, түрі бөлек, діні басқа халыққа ортақ тұлғаларға арнап көше беру былай тұрсын, оларға ескерткіш тұрғызса да жарасымды. Ал енді, басқыншылық, жаулаушылық мақсатпен жерімізге табан тіреген миссионерлерге орталықтан ойып тұрып орын бергеніміз қай сасқанымыз?! Мысалы, былтыр ғана Согра ықшам ауданындағы Менделеев көшесін Бағдат Шаяхметов атына ауыстыру жөнінде бастама көтеріліп, қызу талқыға түсті. Менделеев кім? Энциклопедист-ғалым, химик, физик, метролог, метереолог, геолог, педагог, мұнайшы, аэронавт... Тізек берсек таусылмайды. Бүтіндей бір химия ғылымына өшпес із қалдырып, қолтаңбасы түскен ұлы тұлға. Дүниежүзінің ғылым-білімі дамыған елдерінде химия пәні дәл осы Дмитрий Менделеевтің кестесінен бастап оқытылады. Ал енді Күршімдік жерлесіміз Бағдат Шаяхметов кім? Қазақстанның шаруа қайраткері, Еңбек Ері, «Өскемен титан-магний комбинатының» және акционерлік ұйымының директоры. 1, 2, 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Өскемен қаласының құрметті азаматы. Шығыс өңірінің экономикалық әлеуетіне айтарлықтай үлес қосып отырған титан-магний комбинатының қарқындап дамуы жолында маңдай терін төккен мақтанышымыз. Атына даңғыл арнасақ та, қоладан мүсінін соқсақ та орынды. Алайда неге ол үшін Менделеев көшесі ысырылып тасталу керек? Идеологиялық, тарихи тұрғыдан ескірген көшелер шашымыздан да көп еді ғой. Солардың бірімен неге алмастырмады екен?!
Жай күндері ауыл үйдің, бала-шағаның әңгімесіне көп араласпайтын, ұсақ-түйекке бола кім көрінгенмен жағаласпайтын, не айтса да он күн ойланып барып шешім айтатын, онысын кесіп айтатын, кең қамтып көсіп айтатын жазушы әрі публицист, ҚР Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры – Әлібек Қаңтарбаев көкемізбен осы тақырып аясында ошақ құрып, қазан көтереміз дегелі біраз болды. Себеп пен салдар іздегенге тәжвирус деген пәле таптырмас сылтау болды: ақ дедік, көк дедік. Бір күні бұзау еміп қойды, бір күні бала жылады. Бірақ, көкеміз менің замандастарым секілді арсы-күрсі жұлқынған, таң атпай жатып алқынғандардан емес екен, сөзінде тұрды. Дүниеге шыр етіп Христос келген мерекенің ап-сабы басылған соң көкем екеуіміз күбір-күбір әңгімеге көштік. Өскеменнің көшелерінде отыз жыл бұрын тырапай асқан кеңестік формацияның күлімсі иісі танауға ұрады? Көшелер қағынып-сілкініп, жуынып-шайынып қазақы түске неге енбейді?
Ертеңі жарқын ел экономика деп елірмей,әуелі руханият жыртығын бүтіндейді
- Тәуелсіздік күтпеген жерден келді. Апам да, мен де аң-таң. Қызық сонан соң басталды: қазақ егемендікті дәл бір ғазауат соғысында шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп алғандай, ал кеп елеуреді. Желікті, желпінді. Әлі де еліріп жүре берер ме едік, асқазанымыз сыр берді. Өн-бойымызда лыпа жоқ, тырдай жалаңаш қалыппыз. Әлеуметтік жетімсіздік есімізді жиғызды. Ең алдымен руханиятын түгендеп, соның жыртық-тесігін бүтіндеп алған ұлттың ертеңі жарқын болады. Біздің қателігіміз сонда, алдымен экономика деп даурықтық. Әлі күнге дейін басқаны қойып, көше атауларын қазақыландыра алмай жатуымыздың басты себебі осында. Атауларды өзгертуді тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап кеп жібергенде, екеуміз отыз жылдан кейін дәл өстіп малтамызды езіп отырмас едік. Тіл туралы да проблема болмас еді. Заңдарымыздың мәтіндері «шү» дегенде Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт – қазақ тілінің сойылын соққанда, қазақ пен басқа ұлт өкілдерін қойып, Алтай мен Арқада кіндігі қиылған бұзаудың өзі қазақша мөңірер еді-ау. Амал қанша, бәрі өзімізден. Тұтас бір ұрпақ орыс тілінде сөйлеп кетті. Биліктің қажыр-қайраты аса қажет. Билік тікелей, бел шешіп араласпаса, тіліміздің жаназасы да алыс емес. Қазақстанның, қазақ тілінің келешегі – Өскемендегі көшелердің қазақылануына қарап тұрған жоқ: тауықсыз да таң атады. Кез-келген шаруада қозғаушы күш деген болады. Ол замана тегершігін айналдыруда басты рөл атқарады. Өскеменде ол бар, үмітіміз сонда. Ал, олармен билік санаса ма, санаспай ма, бұл маңызды емес. Маңыздысы сол – кез-келген кертартпа биліктің әлемдік прогреске тежегіш қоя алмайтынын, тарих баяғыда дәлелдеген, - дейді Әлібек Қалиұлы.
«Құпия тізімді жасаған топ – сауатсыз»
Республикадағы мекемелер мен көшелерге, елді мекендерге тұлғалардың есімдерін, қазақша жер-су аттарын беру үшін, ол атаулар Нұр-Сұлтанда бекітілген тізімде болуы керек деген әңгіме шықты. Ол тізімге екі аяқты, ажалды пенде кіре ала ма екен?- Республика бойынша сондай жалқы тізім бары рас. Қазақстанға ерекше еңбегі сіңген тұлғалардың тізімі. Шыжығы сонда, «Ер Төстік» ертегісіндегі Шойынқұлақ бар ғой, соның киіктің асқазанында сақталған тоғыз жаны бар емес пе, жаңағы тізім сол іспеттес, аса құпия сақталатын көрінеді. Ол тізімде кім бар, кім жоқ, өз басым білмеймін. Облыстық ономастикалық комиссияның төрағасы да хабарсыз. Неткен құпия екендігін итім білсін, облыста біз бекітіп жіберген кейбір атаулар «республикалық тізімге кірмеген» деген белгі соғылып, қайтара оралады. Тіпті, ол тізімде Социалистік Еңбек Ері, жалғыз аяқ шормық протезбен Алтайда жарты ғасыр колхоз басқарған, алашқа әйгілі Бошай Кітапбаев ағамыз да, Қазақстандағы ұстаздардан жалғыз КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын иеленген, аты аңызға айналған Қанипа Бітібаева да жоқ екен. Дәл осындай тұлғаларды қалыс қалдырса, онда әлгі тізімді жасаған топ мүлдем сауатсыз деуден басқа шара жоқ. Ол тізімді республикалық газеттердің бірінде жариялай салса қайтер ед?! Әр өңірдің өзіндік тұлғалары болады. Жергілікті жермен ақылдасып, кеңесіп пішсе, тон келте болмайды. Қазақстанның руханият саласында ойсыз олқылықтар өте көп. Толғатпаған, айы-күні жетпеген әйелдің шала бала туатыны секілді, бізде өткізілетін шаралардың көбі дерлік шалапұт. Бір реттік, самопал, - дейді облыстық ономастика комиссиясының мүшесі «тылсым тізім» туралы.2020 жылдың қарашасында Өскемендегі зиялы қауым өкілдері Елбасы мен облыс әкіміне ашылып, ашынып хат жазған болатын. Оған түрткі – аймақ басшысы Даниал Ахметовтың «Кішітауға Пушкиннің ескерткішін саламыз» деген атышулы мәлімдемесі.
- Қазақта: «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» деген риторикалық мәтел бар. Ел болған соң, жер болған соң, ол жердің бетінде белгілі бір қоғамдық қауымдастық болған соң, кереғарлықтар, мәселелер болмай тұрмайды. Жоғарыда қаузап кеттім, еліміздегі руханият мәселелері әлі күнге бауырын сыздан көтере алмаған көтерем күйде жатыр. Облыстағы, оның орталығы Өскеменде руханият саласындағы қолға алынуға тиіс көптеген ұлттық мәселелер тоқырап қалды. Алдыңғы қатарда тұруға тиіс ұлттық құндылықтарымыз шаңбасты болып, көмескі тартып бара жатқаны өтірік емес. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты өтетін шаралар фейк рәуешті. Танымы мен тағылымы, тәрбиесі мен тәлімі нәрсіз. Хат жазылды. Артынан облыс әкімімен келелі, келісімді әңгіме өрбіді. Даниал Кенжетайұлы көпті көрген, әбден ысылған, іс-тәжірибесі жетік басшы ғой, «сендер неге сөйттіңдер, неге бүйттіңдер» деп шаппа-шапқа келген жоқ. Байсалды, байыпты талдау жасалды. Мынау бір індеттің әлегі қоғамдық ұйымдармен арадағы байланысты үзіп тастағанын, идеология саласында кемшіліктердің орын алғандығын жасырмай, көрбілтелемей тізбеледі. Енді әрбір тоқсан сайын кездесіп, кеңесіп отыруға келісіп тарқастық. Біздің қазанымызға ас салып бер, басымызға баспана, бала-шағамызға қызмет бер деп жекебас тілегімен емес, ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап шыр-пыр болып жүргенімізді түсінді. Көп мәселелерге келістік. Мәмілеге келдік. Бұйырса, алдағы уақытта Алаш арыстары да, жаңа ғана сөз еткен Бошай ағамыз да, Қанипа-Хан апамыз да, Қасым Қайсенов сынды батырымыз да құтты орындарына орнығатын шығар. Жалпы, бәріміздің мұратымыз біреу ғой, ол – қайтсек туып-өскен өңірімізді, ұлтымызды, оның құндылықтарын аман сақтап қаламыз деген ізгі ниет. Жасымыз да, жасамысымыз да осы пиғылмен ғұмыр кешер болсақ, шұғылалы шығыстың шалқымасқа, жарқырамасқа қақысы жоқ! – деп түйіндеді Әлібек Қаңтарбаев ағамыз.
«Кісінің аты-жөні ұлттық кейіпте тұруға тиіс.Ол - БҰҰ бекіткен шарт»
- Көрші Қытайда "Аспан нұрын төккен көше", "Таң шапағы көшесі" деген атаулар көп кездеседі екен. Біз де "Сол жағалау көшесі", "Тау алды көшесі" деп қойсақ қатып кетер еді. Алтай, Ертіс, Бұқтырма, Берел, Шілікті, Ақбауыр, Марқакөл, Зайсан секілді қасиетті, киелі жер-су аттары көшеге қоюға лайық. Қала көшелеріне Білге, Күлтегін, Тоныкөк, Шыңғысхан, Найман халқының тәуелсіздігі үшін күрескен Күшлік хан, Кетбұға жырау, Дулат Бабатайұлы, Ермакты өлтірген Сәтбек батыр, Күршімнің ару қызы туралы кітап жазған Жүсіпбек Аймауытов, Шыңғыстайда бала оқытқан Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шығыс Қазақстанды Сібірге қосылудан аман алып қалған Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Қонаевқа облыста бірінші хатшы болған Ілияс Омаров есімдерін ұсынар едім. Түбі жерлесіміз болып келетін Мұстафа Өзтүрікке бір спорт кешенінің атын арнаса деймін. Кісінің аты-жөні мемлекеттік тілде жасалып, ұлттық кейіпте тұруға тиіс. Ол - БҰҰ бекіткен шарт. Осы мәселені түсінбеген адамдар дау-дамай туғызып жатады, - дейді ф.ғ.к, доцент, қалалық ономастика комиссиясының мүшесі Бердібек Бияров ағамыз.
Саны бар, сапасы жоқ
Өскеменнің Куленов ықшам ауданында былайғы жұрт «Носикова» атап кеткен көше – 1992-1995 жылдары Өскемен қаласының әкімі болған Носиков Николай Тимофеевичтің атында екен. Сіңірген бір еңбегі бар шығар. 1936 жылы Семей облысында дүниеге келген Плахута Алексей Егоровичтің тұсында Өскемен қаласының негізгі құрылыс жұмыстары жүріп, Ертіс пен Үлбінің түйіскен жеріне соғыс құрбандарына ескерткіш орнатылыпты. Көше аттарын осындай кісілер иемденсе, қисынды.Осы шағын аудандағы К.Либкнехт, Р.Люксембург, Мурина, Воронина, Вартанян, Авиценна, Фонтанная, Котова, Юности, Энтузиастов дегендердің орнына Аттила, Томирис, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Көшек, Ер Қосай сынды баһадүрлердің аттары қойылса, таудың етегіндегі көшелерге қалай жарасып кетер еді.
Ахмердегі Журба, Кузнечная, Зеленый орамы, Атлантическая, Байкал, Ярославский, Миллер, Часников, Логвина, Дробышева, Кокорина, Совхозный орамы атауларының кім екенін, не екенін біліп жатқан ешкім жоқ. Ертістің арғы бетінде Совхозная деген көше тағы бар. Ал енді Урожайная, Садовая, Вишневая, Малиновая, Клубничная, Земляничная – аттары айқайлап тұрандай кілең бау-бақша өнімдері. Жеміс-жидекке көше беріп не керек?! Оданша Алтын Орда, Сығанақ, Сарайшық, Бозоқ, Ақыртас, Абылайкит, Дешті Қыпшақ, Лепсі, Жайық, Іле, Алакөл, Алатау, Арал, Каспий, Ұлытау, Балқаш сияқты жер-су атауларымен алмастырса – рухани жаңғырудың басы сол болар.
Мына бір жыпырлаған көшелерге қараңыз: Сафонов, Гурьевская, Коминтерн, Демьян Бедный, Владивосток, Красногвардейская, Карманова, Доватор, Морозная, Андреев, Пестеля, Мотовозная, Пржевальский, Элевторная, Деповская, Новосибирская, Владивостокская, Барнаульская, Косарева, Штурмовая, Фабрициуса, Казанская, Вострецова, Филатова, Братская, Малахитовая, Красный Зорь, Сопочная, Баллистическая, Белорусская, Спасская, Камчатская, Корницского, Бакинская, Руднева, Делегатская, Новоселов, Песчанная, Краснознаменная, Чернов, Свердлова, Панкратьева, Киевская, Стахановская, Челябинская, Грузинкая, Севастопольская, Якутская, Беспалова, Предгорная, Линейная, Левановская, Полтавская, Черняховского, Жуков, Багратион, Суворов, Дмитрова, Кутузова, Ползунова, Тельман, Лазо, Паровозный 3, 6-шы орамы, Паравозный 1, 5-ші орамы, Западный орамы, Кривоноса 3-ші орамы, Морской орамы, Советский орамы, Чапаев орамы, Столбовой орамы, Куратов орамы, Грейдер орамы. Бұл атауларды кімнің, ненің құрметіне қойғанын түсіндіріп беретін тірі пенде табыла ма? Қарапайым халық тұрмақ, тілшінің тілі әрең келетін атаулар әбден көмескіленген. Ескірмесе, совет заманын ұрандап, қызыл гвардияның сойылын соғып жүрген біреу бар ма тегі?!
Жергілікті өңірдің өз тізімі болу керек
Облыстық ономастика мүшелері жергілікті өңірден шыққан тұлғалардың тізімін жасап, соларға көше, ауыл, саябақ аттарын береміз деп ұйғарса және Нұр-Сұлтандағы орталық комиссиядан облыстық ономастиканың шешімімен санасуын талап етсе, республикалық ортақ тізімнен бөлек әр аймақтың жеке тізімін бекітуін сұраса – нұр үстіне нұр болмақ. Өскемен төрінен Керей хан, Абылай хан, Асан қайғы, Ер Жәнібек, Баян батыр, Төле би, Әйтеке би, Жиембет жырау, Доспамбет жырау, Ақтамберді жырау, Бармақ батыр, Ыбырай Алтынсарин, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы, Құнанбай, Тана мырза, Тұрар Рысқұлов, Бошай Кітапбаев, Ақселеу Сейдімбек, Ақтан Нұрбаев, Қалихан Алтынбаев, Райымжан Мәрсек, Марат Қабанбай, Ғалым Байбатыров, Қайрат Рысқұлбек, Серікхан Жақиянов сынды тұлғаларға бір-бір көше берілетін уақыт келді.
Тақырыптар:
Өскемендегі Шығыстың бас шаһары