Қызылордада "Қызыл кітапқа" енген жануарларды аулаған қаскөйлер құрықталды
Қызылорда облысының тәртіп сақшылары табиғат байлығына заңсыз қол сұққан браконьерлерден төрт ақбөкен, бір қоян еті мен екі аңшылық мылтығын тәркіледі
Байқоңыр қаласының құқық қорғау органының қызметкерлері жүргізген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасы барысында түн мезгілінде Төретам ауылынан Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолына шыққан екі азаматты ұстап, олардың жеңіл автокөліктерінен киік, қоян және мылтық заттарын тапқан.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Следующая →
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
- Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты шешім шығару үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Барлық сараптамалық нәтижелер дайын, - дейді құқық қорғау қызметкерлері.