Қарасораны ең көп өсіріп өндіретін облыс анықталды
"Қарасора" арнайы операциясы барысында салмағы 20 тоннадан асатын қарасора өсімдігін өндірумен айналсықан ондаған плантациялар жойылды
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы әрекет департаменттің басшысы Тлеген Маткенов құқыққорғаушылар жаз басталғалы бері қазан айына дейін 20 тонна меңдуана шөбін тәркілегенін баспасөз жиынында мәлімдеді. Оның жартысынан көбі Қызылорда облысына тиесілі. Заңсыз есірткі шөбін өсіру бойынша аталмыш облыс көш бастап тұр, деп хабарлайды Спутник Қазақстан сайты.
Следующая →
- Департамент қызметкерлері бірнеше ай бойы есірткі шөбін өндіру айғақтарын іздестіріп, көп назарды оңтүстік өңірлерге бұрған. Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан 53 мың түп меңдуана тәркіленіп, 62 қарасора өсіру аумағының көзі жойылды. 14 тоннадан аса есірткі шөбі табылған 48 өсіру аумағы Қызылорда облысынан табылған,- дейді Тлеген Маткенов."Қарасора" арнайы тексеру-айғақтау жұмысының нәтижесінде республика көлемінде 800 құқықбұзушылық тіркелген. 400 қылмыс меңдуана сатуға байланысты болса, 162 заң бұзушылық заңсыз есірткі өсімдігін сақтау, 233 қылмыс заңсы зөсіру болып табылады. 3 ұйымдасьқан қылмыстық топтың тамырына балта шабылып, 7 қылмыстық іс қозғалды.
Тақырыптар:
Спецоперация "Карасора" Департамент по противодействию наркопреступности МВД Казахстана Тлеген Маткенов