SCAT әуе кемесінің ұшқышы 15 жолаушының өмірін сақтап қалды
Атыраудан Нұр-Сұлтанға бет алған 100 шақты жолаушысы бар ұшақ аспанда құстар тобымен қақтығысып қалған
Әлеуметтік желіде ұшақ бортында түсірілген бейнежазба пайда болды. Онда адамдардың апат болуы мүмкін деп қауіптеніп өзара сөйлескен әңгімелері жазылған.
SCAT әуе компаниясының баспасөз бөлімі мәлімдеуінше, Атырау-Нұр-Сұлтан бағытына ұшу үшін әуеге көтерілген ұшаққа ірі құстар тобы тап келіп соғылған. Олар қаз немесе үйрек болуы мүмкін. Әуе бортының капитаны Иван Карпович жедел түрде ұшақты қайтадан Атырау әуежайына қондыру туралы шешім қабылдайды.
Рейс кейінге шегерілді. Билетті басқа күнге ауыстырып аламын деушілерге брондау мүмкіндігі беріліп, қадған жолаушыларға билеттерінің ақшалары қайтарылды. Әуе компания басшылығы 10 жылдық еңбек тәжірибесі бар Иван Карповичті төсбелгімен мадақтайтынын айтты.
Следующая →