Оңтүстік Корея халқы тоғызқұмалақ ойнауды үйреніп жүр
Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын
Қазақтың ұлттық ойынына арналған 10 тақта корей ойын үйірмелеріне табысталды. Кореядағы Елшілігіміз бұл рәсімді Абайдың 175 жылдығына орайластырды. Өйткені тоғызқұмалақ хакімнің сүйікті ойыны болғаны белгілі, деп хабарлайды "Хабар-24".
Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.
Следующая →
Қатысушыларға тоғызқұмалақ тақталарымен қатар Абайдың корей тіліне аударылған жинақтары ұсынылды. Бұл елде алғашқы тоғызқұмалақ үйірмесі бұдан бір жыл бұрын Сеул маңында ашылған болатын.
- Тоғызқұмалақ математикалық ойлаудың дамуына ықпал етеді, - дейді ойындарды зерттеу ұйымының басшысы Чо Хён Сук. - Өткен жылдан бастап Корея ойындарға үлкен мән беріп отыр. Әрине мобильді және компьютерлік ойындармен айналысатын балалар көбейіп келеді, бірақ осындай ойындар нәтижесін болжауға болады және адам қарсыластың эмоциясын көрмейді. Үстел ойындарында жаңа жағдай қалыптасады, басқа ойыншының реакциясын бақылау керек. Сондықтан үстел ойындары балалардың қоғамға бейімделуіне және ақыл-ойын дамытуға көмектеседі.
Тақырыптар:
Посольство Казахстан в Южной Корее Национальная игра тогызкумалак Знакомство с тогызкумалаком