КВИ таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар жаңа шешім қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және COVID-19-дың екінші толқынына дайындық туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, жеке қорғаныш құралдарының баға саясатын мониторингілеу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы С. Жұманғарин, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш. Бұқтұғұтов баяндады.
ВАК бірқатар шешім қабылдады:
І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:
II. Визасыз режим бойынша
57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту.
ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.
IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша
Следующая →
- Биылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша ҚР көптеген өңірінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирусты жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4%-ды, репродуктивтілік көрсеткіші 1,4-ті құрайды. Инфекциялық төсек орындары 22%-ға, реанимациялық орындар 18%-ға жүктелген, - делінген премьер-министрдің сайтында.
ВАК бірқатар шешім қабылдады:
І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу:
- ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
- ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
II. Визасыз режим бойынша
57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту.
ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.
IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша
2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.
Тақырыптар:
Межведомственная комиссия по нераспространению коронавируса Премьер-министр РК Аскар Мамин Карантин на границе Казахстана Коронавиурс в Казахстане Ограничительные меры в Казахстане