Алматыда Сайран көлінен қауіпті бактериялар табылды
Алматыдағы Сайран көлінен мамандар адам ағзасына қауіпті микроорганизмдер тапты
Бұл туралы Алмалы және Әуезов аудандарының әкімдіктері Facebook әлеуметтік желісінде жазды.
Осылайша, Алмалы ауданы көлдің шығыс бөлігінің жабылғанын ескертсе, Әуезов ауданы өзіне тиесілі батыс бөлігін келушілер үшін жауып тастады.
Еске салайық, бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жағажай мен ашық бассейндерде шомылудың қауіпті екенін ескерткен болатын.
Следующая →
Осылайша, Алмалы ауданы көлдің шығыс бөлігінің жабылғанын ескертсе, Әуезов ауданы өзіне тиесілі батыс бөлігін келушілер үшін жауып тастады.
- Алматы қалалық "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК-ның сараптамасына сәйкес, демалушылардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, адам үшін қауіпті микроорганизмдер анықталды, - делінген жергілікті билік таратқан хабарламада.Шомылуға 25 маусымнан бастап тыйым салынды.
Еске салайық, бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жағажай мен ашық бассейндерде шомылудың қауіпті екенін ескерткен болатын.